Қой туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 72
Жұмбақтар: 17
Тақпақтар: 17
Өлеңдер: 45
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 4
Әңгімелер: 12
Ертегілер: 4
Аңыздар: 2

Қой
Мен момақан қойыңмынЕш бір жанға тимеймін,Жүн беремін киімгеӨзім бірақ кимеймін.
©  Баянғали Әлімжанов
Жуастың жуасы,Иіс суы – шуашы.Айыр тұяқ – аяғы,Терісі тон баяғы.(Қой)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Аяғы мен көзі де,Жусайтұғын кезі де.Маңырап бір тұруы,Маңайда оттап жүруі –Кəдімгі таудағы аң,Арқардан аумаған.(Қой)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Бөдене
Жүргенімде қой бағып,Кеткен едім ойланып.Дір еткізіп жүректі,Кенет бір құс пыр етті.Екен ғой бұл бөдене,Қорқады екен ол неге?!
©  Серікбай Оспанов
Қасқыр қойға күзетшісі емес.
Төрт түлік үні
Түйе боздайды,Жылқы кісінейді.Сиыр мөңірейді.Қой маңырайды.Бұларды білмегенМалсақ боп танылмайды.
©  Нұрхан Жанаев
Төрт түліктің тууы
Сиыр бұзаулайды.Қой қоздайды.Ешкі лақтайды.Жас төлдердіҚай бала ұнатпайды?
©  Нұрхан Жанаев
Төрт түлік баласы
Түйе баласын «бота» дейміз,Кішкене бір жота дейміз.Жылқы баласын «құлын» дейміз,Желбіреген тұлым дейміз.Сиыр баласын «бұзау» дейміз,Сүзісем дейтін..
©  Нұрхан Жанаев
Жумайды қой құлағын
Тамақтың буы бұрқырап,Төргі дастархан құлпырад.Бас ұстаған ақсақалБермекші балаға бір құлақ.Тез өзгергені-ай түрінің,Тыржитты және мұрынын.Ауырып тұр..
©  Нағашыбай Мұқатов
«Мен адам емеспін…»
Аллаға деген махаббат жайында көптеген пайғамбарлардың өмірлерінен мысалдар келтіруге болады. Солардың бірі, Алла Тағала Ибраһим (ғ.с.) пайғамбарға..
©  Ғибратты әңгімелер
Шөп жемейтін қой болған ба?
Ертеде бір тақуа ізгі жан біреуге бір қойын сатыпты. Сатып алған кісі біраз уақыттан кейін қойды әкеліп тұрып, әлгі ізгі жанға:– Қойыңды қайтып ал..
©  Ғибратты әңгімелер
«Малдың баласын сүюі»
Қой сүйеді баласын қоңырым деп,Ештеңені білмейтін момыным деп.Сиыр сүйеді баласын торпағым депҚараңғыға баспаған қорқағым деп.Ешкі сүйеді баласын..
 Қой бағыңдар, өйткені береке сонда.
©  Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Малды ауылдың бір кеші
Қой маңырап, иттер үріп,Қарауытып тау іргесі,Тәтті түтін сүттей ұйып,Тағы орнады ауыл кеші.Шұрқырайды жылқы малыБара жатқан жоннан асып.Құрбақалар..
©  Бауыржан Үсенов
Қоңыр
(Қ.Жантілеуовке)Қоңыр-қоңыр таулардыңҚолтығынан қой өріп,Қоңыр үйдің ішіндеҚоңыр салқын ой өріп,Маңырауық маңдайымОй дүретіп неше мыңЖасыл маңдай..
©  Ықылас Ожайұлы
Шашқаланың шаруасы
Ертеде бір шаруа қазақ Шашқаланың үлкен базарына қой айдап барады. Қалаға кірген соң, қойлары үркіп, жан-жаққа қашып әбден әурелейді. Ол ашуланып..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Ұқсауын ұқсайды...
Бір бай құрбандыққа қой шалыпты. Онысы өте семіз шығыпты. Құрбан иесі қуанып кетіп:— Аппақ май, семіздігі нақ шошқадай екен! — дейді, сонда қасында..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Су болса да, кеуіп кетеді
Өзенге тоғытқалы әкелген қойлар суға түсе қоймайды. Оларға Тәшпембет ақыл айтады:— Несіне шегінесіңдер? Титтей кебісіміз су болады деп тұрсыңдар ғой...
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Көк төбет (І нұсқа)
Бір қойшы бір байдың қойын талай жыл бағып, тышқақ лағын да ит-құсқа бермепті.Өзі өрісте ұйқыдан, түнде күлкіден де ексе емес екен. Мұның сыры..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Ақсақ қойдың батасы
Қайса бір жас отауға келіпті. Бір шайдан кейін отау иесі сыртқа шығып: «енді қайттік, соя қоятын малдың жөні жоқ, ана ақсақ қойды сойып берейін» деп..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қойдан жуас жүргенде,Қошқардан бетер сүзгенде.
Қой қорада
Көрінеді көзіме қойлар ыстық,Даладағы бір ескен туысымдай.Жатыр толып, тобымен тым ұйысып,Колхоздың толықсыған ырысыңдай!Қара бұйра сең - сеңін сілке..
©  Қалижан Бекхожин
Күсен-күсеке
1Қойды күн шықпай ергізу Күсеннің қанына сіңген әдеті. Киіз үйдің саңылау-тесіктерінен жарық кірді дегенше, ол төсекте жата алмайды. Таңның атуын..
©  Сайын Мұратбеков
Қайығына қарай ескегі,Қойына қарай кескегі. 
Қозы
Қырдан ойға шұбырып,Құлады қой маңырап.Қарсы шықты жүгіріп,Жас қозылар жамырап.Тұманданды сұр дала,Тұяқтардан шаң ұшып.Қозылармен бір балаКете барды..
©  Сырбай Мәуленов