Қой туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 72
Жұмбақтар: 17
Тақпақтар: 16
Өлеңдер: 45
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 4
Әңгімелер: 12
Ертегілер: 4
Аңыздар: 2

Бiлетiн бар кiм?«М» əрпiн,Қайсы жануарАйта алар айқын?(Қой, маңырап)
©  Ескен Елубаев
Ие жеке атқа,Он екi жыл – бiр мүшел,Ретiмен айт, жатқа.(Тышқан, Сиыр, Барыс, Қоян, Ұлу, Жылан, Жылқы, Қой, Мешiн, Тауық, Ит, Доңыз)
©  Ескен Елубаев
Мұны есептеп болсаң нақ,Жиырма асығым болғанша,Атам қанша қой соймақ?(Алты қой)
©  Ескен Елубаев
Жуастың жуасы,Иіс суы – шуашы.Айыр тұяқ – аяғы,Терісі тон баяғы.(Қой)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Аяғы мен көзі де,Жусайтұғын кезі де.Маңырап бір тұруы,Маңайда оттап жүруі –Кəдімгі таудағы аң,Арқардан аумаған.(Қой)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Төл өсіріп момақан,
Уыз ішкен қоймалжың,
Білсең айтшы, балақан,
Еңбегі зейнет қай малшы?

Жауабы: Қойшы
Төрт тағанды бойы бар,
Момындық дұрыс ойы бар.
Кербезденіп жүрмейді,
Айналдырған тоны бар.

Жауабы: Қой
Екен, екен, екен жұмбақ,
Екі етегін түрген жұмбақ.
Қазалыға барған жұмбақ,
Қақтың суын ішкен жұмбақ.

Жауабы: Қой
Баурындағы бұлағын ел ішеді.
Шабылады жотасынан пішені.

Жауабы: Саулық қой
Азанда кетер ләйлекен,
Кеште келер ләйлекен.
Түрлі-түрлі жібектен,
Түймесі бар ілгектен.

Жауабы: Қой, ешкі
Шапаным да, тоным да,
Арқаның жүр жонында.
Атам соның соңында,
Таяғы бар қолында.

Жауабы: Қой, қойшы
Ауылдан ерте тұрып, кетер сыртқа,
Көп жанға жалғыз нәрсе болды тұтқа,
Сол жерден аз жұмысын бітіріп ап,
Қайтады қуанышпен бір уақытта.

Жауабы:..
Ерте кетіп, кеш келе,
Тері тонды жануар.
Моншақ төгіп кетеді,
Жылтыраған суы бар.

Жауабы: Қойдың құмалағы
Тоғай іші толған жұмбақ,
Ақын жігіт айтқан жұмбақ,
Шешен қатын шешкен жұмбақ.

Жауабы: Қойдың ішек-қарны және оны аршу
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
Күнгейлі қара тасқа бітем,
Шаруа қуған басқа бітем.
Он екі бием бар еді, алтауы буаз,
Екеуі неғайбыл, екеуі тесік өкпе,
Екеуі күн қақты.

Қойда он екі мүше бар. Алты буаз бие деген ішінде майы бар..