👈 қаріп өлшемі 👉

Кеңесжан Шалқарұлы

Кеңесжан Шалқарұлы 1939 жылы 12 сәуірде Шығыс Түркістан Тарбағатай аймағының Еміл өзені бойында дүниеге келген.

Қытай Халық Республикасында қысым көргендіктен Шыңжаң университеті мен Шыңжаң институтын бітіре алмай кеткен. 1965 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітірген. Содан бері республикалық қазақ радиосында, баспа редакцияларында әр түрлі қызмет істеді. Қазақ КСР Ғылым академиясының «Ғылым» баспасында редактор, «Жетісу» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1997 жылдан зейнеткер.

Республикалық телефестивальдің (1966), 1994 жылғы Мағжан Жұмабаевқа арналған, 2003 жылғы Дулат Бабатайұлына арналған жыр мүшәйраларының жүлдегері. Халықаралық Жамбыл атындағы және Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының (1996) лауреаты. Низами, Гүлхани, Мұстай Кәрім, Д.Кугультинов, Г.Абашидзе және монғол, өзбек, ұйғыр ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне аударған.

Өлеңдері орыс, монғол, өзбек, латыш, эстон, әзербайжан тілдеріне аударылған. 30-дай күй, 45-тей әннің авторы.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері:


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы