Хадис туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Өлеңдер: 3
Нақыл сөздер: 19
Туындылар: 4
Әңгімелер: 3

Жолдардың бәрі бақытқа апармайды, өз жолыңа қара, Құран мен хадиске сай ма.
©  Нұрхалық Абдырақын
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте:«Аллаһ елшісі (с.ғ.с.): Мейлі ер, яки, әйел болсын, мүміннің жеке басы, бала-шағасы не болмаса дүние-мүлкі..
©  Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
 Жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды. Су сұрап келген адамға ашық қабақ танытып, шелегіне су құйып беріп, ізгілік жаса.
©  Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
 Көп күлме. Көп күлсең, шын сөздің де қадірі кетеді.
©  Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Өсекшілік дегеніміз – адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынасты бұзу мақсатымен, бірінің сөзін екіншісіне жеткізуге құмарлық.
©  Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
 Қой бағыңдар, өйткені береке сонда.
©  Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
 Мінез-құлқыңның мінәйім, сыпайы болуын қалаймысың? Қаласаң, жетімдерге мейірімділік жаса, олардың басынан сипа, өзің ішетін тағамыңнан бөліс. Сонда..
©  Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
 Қара нәсілді адамдарды да дос тұтыңдар, өйткені олардың үш ұлық адамы: Лұқман* хәкім, Нахоший, Эфиопиялық азаншы Біләл пейіште болады.
©  Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
 Қыздан туған бала да (жиен) сол қауымның туысы саналады.
©  Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
 Тағамды суытыңқырап ішіңіз, өте ыстық күйінде оның берекесі болмайды.
©  Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
 Дін бұзарлыққа берілген, дінді теріс пайдаланған адам – сол ниетінен әбден қайтып, арылмайынша, Алла оның тәубесін қабыл қылмайды.
©  Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
 Адамдардың арасыңдағы Аллаға ең сүйкімсіздері – шектен тыс дұшпандық жасаушылар.
©  Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
 Адал деуге рұқсат етілген нәрселердің ішіндегі Алланың хош көрмейтіні – талақ (некелі әйелін тастау).
©  Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Жәрдем немесе қайыр-садақа беруді ең әуелі өзіңнен баста. Артылғаның болса, отбасыңды жарылқа. Тағы бірдеңең артылып қалса, ағайын-туыстарыңа бер...
©  Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
 Шақырған жерге ғана бар.
©  Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
 Монтаны, екі жүзділіктің белгісі үшеу: өтірік айту, уәдеде тұрмау, аманатқа қиянат жасау.
©  Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Қыздарды күйеуге беру жөнінде аналарымен ақылдасыңдар.
©  Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Ғылымның өлгені – еске сақталмағандығы, қызықпайтын адамдарға үйретіліп, зая кеткені.
©  Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
       (Егер асыл сөздердің ең ардақтысын тапқыңыз келсе «Ей, перзентім, біліп алғын!...» гибратнама..
©  Әбдінағым Көшер