Қанатты сөздер туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 2
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 5
Нақыл сөздер: 1104
Әңгімелер: 5

Iстiң басталғаны — жартылай iстелгенi.
©  Гораций
Ашулану — аз уақытқа есуас болу деген сөз.
©  Гораций
Қате жiберiп қоймаудан үрейлену екiншi қателiктi тудырады.
©  Гораций
Қателiксiз адам жоқ. Кiмде қателiк аз болса, соларды жақсылар қатарына жатқыз.
©  Гораций
Қазір компьютер алдында отыра беретін заман емес, балаға көп көңіл бөлу керек.
©  Барак Обама
Егер сіз дұрыс жолмен келе жатсаңыз әрі осы жолмен жүре берсеңіз, соңында сәттілікке жетесіз.
©  Барак Обама
Күштемеген сөз көкейге тез қонады.
©  Мұзафар Әлімбаев
Елiң күн ғой. Күннен де биiк бар ма?
Күннен биiк болам деп күйiп қалма.
©  Мұзафар Әлімбаев
Сұраған ұят емес, бiлмеген ұят.
©  Мұзафар Әлімбаев
Егер ауру оны қабылдауға ықылассыз болса, ең жақсы дәрi де оған көмектесе алмайды.
©  Мигель де Сервантес
Байлықтың мәнi байлықты иеленуде емес, оны ұтымды пайдалана бiлуде.
©  Мигель де Сервантес
Қызмет, лауазым адамгершiлiктi жиi өзгертедi.
©  Мигель де Сервантес
Мәселеге қарсы көзқарастың тұрғысынан қарай бiл — нағыз даналық осында.
©  Дмитрий Менделеев
Кітапқа да құрсақтағы бала сияқты мерзімді уақыт керек, санаулы апта бойында ат үсті жазыла салған кітап атаулы авторға қарсы сенімсіздік тудырады.
©  Генрих Гейне
...Ләйліге ұқсап көп арулар бізді ұқпас,
Мәжнүн ғана қайғы-шерге қамалар.
©  Әбул-Хасан Рудаки
Уақыт ағымынан үйренбегендi ешқандай ұстаз үйрете алмайды.
©  Әбул-Хасан Рудаки
Ақ, сары, қара түсті балалық шақ жоқ. Балалықтың түсі біреу-ақ болуға тиіс: ол ақ кептердің қанаты мен күн сәулесінің түсі...
©  Антуан де Сент-Экзюпери
Шынында да, адамның өзiн-өзi жеңуi, өзiне-өзi тиянақты түрде тыйым сала бiлуi, өзiн-өзi көндiре бiлуi басқа бiреудi жеңуінен әлдеқайда артық.
©  Будда
Тек жамандауға немесе мақтауға тұрарлық адам жоқ, болған емес және болмайды да.
©  Будда
Денсаулық — ұлы жеңiс, қанағат — ұлы байлық, сенiм — ең жақсы туыс.
©  Будда
Құмарлықтан артық от, ашудан артық бейнет, алдаудан өткен мұң, құштарлықтан артық телегей-теңiз жоқ.
©  Будда
Өзiне лайық немесе өзiнен асып түсерлiк серiк таппаған жолаушының сапарға жалғыз шыққаны жөн.
©  Будда
Ашуды — байсалдылық, жамандықты — жақсылық, сараңдықты — жомарттық, өтiрiктi — шындық жеңсiн.
©  Будда
Шындықты айт, ашуланба. Сұрағанға азғантай болса да бер.
©  Будда
Дертке шалдыққанша денсаулықтың қадірін ешкім де білмейді.
©  Томас Фуллер