Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  216


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ТАУ САМАЛЫ

Ақ самал соқты аңқылдап,
Сабаттар қалды салқындап.
Қанат қақпастан қалқыды,
Қазбауыр бұлттар қаңқылдап.
Қымсынбай соқты төрлетiп,
Құраққа құлаш серметiп.
Бөленiп жатқан бұлақтың
Бесiгiн бипаз тербетiп.
Сақауат сазын сырнайдай,
Сiмiрдi сәуiр бiр қанбай.
Арқасы қозып
Ақ бас шың
Аңқылдай сөйлеп тұрғандай.
Үкiсiн таққан сәндi бау,
Сыланды бейне сал-жырау.
Әңгiмелескендей әкеммен,
Серпiлiп мен де қалдым-ау.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу