Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  177


Автор: Нұрлан Қалқа

Түсің жылы...

Түсiң жылы, ал мiнезiң жiбектей,
Ақын жүрек қалай шыдар дiр етпей.
Тiл байланып, көңiл кеттi шарықтап,
Сендей жанды тұра алмаспын жыр етпей.
Сүп-сүйкiмдi, иман жүздi, қарағым,
Аңсап жүрген бақ құсыма баладым.


Суып қалған сезiмiмдi қозғап сен,
Күлiп қана жалт етiп бiр қарадың.
Сыр бөлiсшi, шындап саған сенейiн,
Шуағымды, бар нұрымды төгейiн.
Бiлсең екен: сендiк мына жүрегiм,
Сезiм сендiк, одан басқа не дейiн?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу