Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  100


Автор: Жасұлан СЕРІК

Ақ арман қыз...

Ақ арман қыз,
Сен келгелі еруде жанардан мұз.
Бірімізге біріміз ынтықтықтан,
Мәңгі ғашық болуға жаралғанбыз.
Ақ тамақтым,
Жанарыңмен жасынды жалт қараттың.
Сені сүйген жүректің түкпіріне,
Махаббат деп аталар от тараттың.
Ақ періштем,
Сені көрсем жанамын от боп іштен.
Саған ғана байланғам көріктім-ау,
Ақ сезімін өзіммен қақ бөліскен.
Аққұба қыз,
Ақтара алмай сезімді көп тұрамыз.
Көздеріңе телмірем сүйгендіктен,
Одан басқа алдыңда жоқ кінәміз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу