Өлеңдер ✍️

  31.05.2022
  192


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Үміт

– Тұлпардың тұяғында ай таға,
Ұлым менің осы жолдан қайта ма?
Құмалақшы жасайды бір жорамал;
«Жас арыстан мол олжамен оралар».
Ұлы бірақ сол сапардан қайтпады.
Құмалақ та не болғанын айтпады.
Ай өткенде аты келді жетекте,
Ана байғұс жасын төкті етекке...
Ұлы жауда өледіге сенбеді,
Мынау түтін сөнедіге сенбеді.
Сан жыл өтті санауменен əр айды,
Қара жолға қадала кеп қарайды.
Көзін жұмды аңсап жатып жалғызын,
Ит үміт-ай, арты қысқа, алды ұзын!
Жол шетіне жерлеңдерші мүрдесін,
Ұлы қайтса көрмей қалып жүрмесін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Үміткер
Үміткер 28.10.2025 21:27
Қазақпын

Пікір жазу