Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  188


Автор: Ибрагим Иса

Жолдасқа

Неден мұнша болдым екен дөрекі?
Өмір ожар,
сосын солай жетілдім.
Бұрқыратып
тұрсың ұзын темекіні,
Паровоздың тұрбасы секілді.
Модаға сай киініпсің,
сызылып,
Мен басқамын…
мұң-түнекте сан жүдеп,
Қорқам кейде,
тәтті өмірдің қызығы,
Қоя ма деп жанды жеп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу