Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  85


Автор: Ерлан Рымбек

Аһиқаттың көзін ашып көрейін...

Аһиқаттың көзін ашып көрейін,
Маржан сөзбен жыр кестесін өрейін.
Қазіргі жастарымның тағдырын,
Жандарыңа байлап бүгін берейін.
Жастарымыз батысқа ерген заман болды,
Батысқа ерген қазақ қызы жаман болды.
Сол арулар шаңырағын ұстай алмай,
Саналары түнек-түнек қараң болды.
Тағдырыңның тәлкегінен алдандың ба,
Қарындасым бұны көріп жандандың ба.
Терезесі тең болып жүр ғой бүгін,
Емешегі үзілген жандардыңда.
Жастарымның бұл бір ісін аңғардым да,
Қаным қайнап өз-өзімнен шамдандым да.
Қазақ қызы асыр салып жүр ғой бүгін,
Сырахана,мейремхана жандарында.
Арын сатып,тәнін сатқан без бүйректер,
Тым болмаса әке алдында арландың ба.
Бір күндік напаһаңды көремін деп,
Қазақтың арын сатып қамдандың ба?
Жалғанда мұндай сұмдық көрмеп едім,
Жағамды ұстап бүгін таң қалдымда.
Анаңның мейірімін көрмей өсіп,
Балта шапқан өміріңе шамдандың ба.
Жүрсің бе әлде өзіңді дара санап,
Жеңіл жүріс ой санаңды тамашалап.
Тым болмаса бұл пәледен қарындасым,
Алмаймысың жан-тәніңді арашалап.
Темекінің түтініне тұншығып,
Отырсың ғой солған гүлдей,мың сынып.
Одан қалса мәз боласың арланбай,
Өз тіліңде сөйлей алмай тіл сынып.
Осындай жағдайлардан әлім сақтан,
Шайтандарға құл болып жанын сатқан.
Ұлтын емес,құлқының қамы үшін деп,
Жезөкшелер көшедегі тәнін сатқан.
Он екіде бір гүлі ашылмаған,
Қара көздер басындағы бағын сатқан.
Не бір сұмдық шығып жатыр қазағымнан,
Қашан енді құтылармыз азабынан.
Бұлт торлап,жүрегімді қарайтты ғой,
Қайта алмай сайтандардың базарынан.
Болашақ ана деп жүргендердің,
Жылы шырай көрмедік қабағынан.
Балалардың тағдыры не боп жатыр,
Ойсыраған мұң оқисың жамалынан.
Жүздерінен көрмедік күн сәулесін,
Тастанды жетімдердің ажарынан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу