Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  135


Автор: Әбубәкір Қайран

Түсінбеске түсіндірем деу – обал...

Түсінбеске түсіндірем деу – обал,
Түсінгеннің ішін білем деу – обал.
Қаскөйлерді ісіндірем деу – обал,
Мешкейлерді ішіндірем деу – обал.
Ғашықтарды бөліп кетем деу – обал,
Жасықтарды женіп кетем деу – обал.
Сезіміңе сеніп кетем деу – обал,
Өз үйіңе келіп-кетем деу – обал.
Обал, обал! Обал, обал! Бәрі – обал,
Обалдарды көтеріп тұр молалар.
“Обалмыз” деп ойланады обалар,
Обалдарды обал қуып жоғалар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу