Өлеңдер ✍️
СЕНІҢ СУРЕТІҢ
Жырақта жүрсең, Көремін көңіл көзімен,
Күншілік жерден – Даусыңды естіп, сезінем.
Ұғынып, жаным, жанынның нәзік пернесін,
Бейнеңді салам, Жүректің сырлы сөзімен.
Салсам деп жаным, – Бейнеңді сенің асықтым.
Көзіңде – теңіз, – Сезімі тұнған ғашықтың.
Тұңғиық қара мұңдылау неге көздерің?
Катал ғой тағдыр, Жаныңды неден жасыттың?
Тұңғиық қара, мұңдылау неге көздерің?
Саламын дереу, Қосылған қара қасыңды,
Сол сәтте, жаным, сарайың ішкі ашылды:
Ойладың нені, Түйілді неге қабағың?
Іштегі әлде ол қызғанышыңды жасырды?!
Ойладың нені, Түйілді неге қабағың?
Жымиып қалған жүзіңді сала бастадым:
Көзіңде сәл мұң, – Қызғанған нені қастарың?
Неліктен күліп тұрады жұқа ерінің?
Шаттықтан шығар, Нұр төккен ашық аспаның.
Жырақта жүрсең, Көремін көңіл көзімен,
Күншілік жерден – Даусыңды естіп, сезінем.
Түсінем, жаным, жаныңның сыршыл пернесін,
Жалғанда мынау жаныма жақын өзің ең!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇