Өлеңдер ✍️

  08.03.2022
  199


Автор: Абдрахман Асылбек

Жауқазындай жан құрбым

Жауқазындай жан құрбым,
Жүрегімді жандырдың.
Ұмыттырып әлемді,
Ақылымнан тандырдың.
Сүйкімдісің тәніңмен,
Сүйкімдісің жаныңмен.
Сенің жұмсақ жүрегің –
Тілегенім Тәңірден.
Жалын атып жас жаның,
Ашық болсын аспаның.
Тұрсаң болды күлімдеп,
Айнала нұр шашқаның?


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу