Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  149


Автор: Абдрахман Асылбек

Қасиетті ана

Анам мені құрсағында көтерген,
Көтерген де, көңіліме от өрген.
Менің бүкіл тірлігімнің төлеуі
Анашымның құрсағында-ақ өтелген.
Анам мені орап алған жөргекпен,
Аялаған, бесігімде тербеткен.
Күн нұрындай мейірінен ананың
Өшпейтұғын қуат алып, ер жеткем.
Анам менің кекілімді тараған,
Баға жетпес асылына балаған.
Қай ауылда, қай түкпірде жүрсем де,
Тағат таппай, жолыма ұзақ қараған.
Өмірдегі үлкен-кіші бар адам
Ана деген абзал жаннан тараған.
Әлемдегі тіршіліктің тұтқасы –
Айналайын қасиетті анадан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу