Өлеңдер ✍️

  06.08.2021
  203


Автор: Гүлсана Тілеубекова

Рәміздер

Елтаңба,Ту және Әнұраным,
Өздеріңмен қашанда бағым, арым.
Астанада Саммитті өткізген соң,
Қазақстан өзіңе табынамын.

Қуаныш,нұр көңілге құйылдырып,
Жүрсін елім әлемді сүйіндіріп.
Әнұраным асқақтап жер бетінде,
Желбіресе екен тек туым биік.

Егемен ел боп бақ орнап,
Құрғады жас та жанардан.
Астанаға айшық беріп тұр,
Еңсесі биік Ақ ордам.

Шаттанғын,қазақ,шаттанғын,
Атқаны үшін ақ таңның.
Босқын боп келген қанша ұлтты,
Ажалдан аман ап қалдың.

Тәуелсіздікті таңдаған,
Айтылсын әсем арман -ән.
Қазақтың туы көгілдір,
Қыран боп көкте самғаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу