Өлеңдер ✍️

  18.07.2021
  220


Автор: Бағлан Ерғали

Ана тілім

Ана тілім, асыл тілім қорланды,
Тілді бұзса, бұзғаны де ордамды!
Қолда барды қорғамасаң, бір күні,
Орыс келіп айдап кетер жорғаңды.

Ана тілім, дара тілім күрмелді,
Діліміз де ұмытылмас кірге енді.
Құндағынан тәрбиеге мән беріп,
Жарқын күнге жетелейік бірге елді!

Ана тілім, мәңгі тілім таланды,
Қазақ қайда бағындырған ғаламды?
Өз тіліңді өзің сақтай алмасаң,
Мәңгүрт етер бесіктегі балаңды

Ана тілім, дана тілім өлмесін,
Тіл көмілсе, көтерілмес өрге ісің!
Тілін түзе ұрпағыңның ділі мен,
Торайғыров шыққан көкке өрлесін!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу