Өлеңдер ✍️

  06.05.2021
  245


Автор: Әбділда Тәжібаев

Бір қарияға

Қария, досым едің сенетұғын,
Шерленсең сырласуға келетұғын.
Алдыңда ағатайлап мен тұрушы ем,
Жанын да жалтақтамай беретұғын.
Көп бағып ажарыңнан аңғармаушы ем,
Пейіліңді бүлдіргіштер жеңетұғын,
Ақ көңіл аңғалдықпен көз тапаппын
Тереңін көкейіңнің көретұғын,
Әрінде жатыр екен сан сайтаның
Арыңды тым арзан – ақ төгетұғын.
Осқырып сен ұяттан безе қалдың
Мезгілің жеткен шақта өлетұғын.
Не керек ит асырап қартайғанда,
Білер ме ол қадіріңді жантайғанда.
Айтақтап күнде маған мәз боласын,
Ақылың шынымен-ақ ортайған ба?!
Ал дейміз кімнен үлгі кейінгіге
Батагөй болсаң өзің сойқандарға?
Айтқаным ақырғы рет есіңді жи,
Елікпе сайтандар мен сайқалдарға.
Жүрмейік біз ұялып жұрт алдында,
Күні ертең туралап сен шоңқайғанда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу