Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
08.08.2026
48
ЖЕЛТОҚСАННЫҢ ЖАЗЫҚСЫЗ ҚҰРБАНДАРЫ
Жазықсыз тағылған сындарға,
Ілікті қайран ел сұмдарға.
Еліме қайғыны жұттыртып,
Құштырған қасірет жылдарға.
Сыйлаған өмірдің жарығын,
Көргенде зұлымның залымын,
Тұра алар қалайша сабырмен
Естіген ананың зар үнін?
Тасыған жігері шарпылды,
Қайғыдан жас жаны шарқ ұрды.
Қаракөз қыздардың жазықсыз,
Тапталып, намысы жаншылды.
Қазақтай азапты тартты кім?
Қынжылып, қайғы,мұң татты мың.
Дес бермей, кінә артып, қанды қол
Алғаны демінің ақтығын...
Жамылып күндерді қаралы,
Малынды жасқа мол жанары.
Қайыспай тік тұрды дұшпанға-
Жазықсыз жапқанда жаланы.
Еске алды құрметпен батырын -
Ұмытпас, тарихта жатыр үн.
Рухы бар, жігерлі Қайраттай -
Маңдайға сыймады батыр ұл!
Гүлзия Тәжіханқызы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇