Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
08.08.2026
46
ТОЛҒАНДЫМ КӨКТІҢ КҮРКІРІН ЕСТІП..
Сырыңды сен де айта алмайсың ба,
Сәттерді өткен қайта ойлайсың ба?
Жұпарын сепкен көктемгі күндей,
Қызғалдақ болып жайқалмайсың ба?
Толғандым көктің күркірін естіп,
«Айтсам ба?» — деймін бір күні кесіп.
Біз емес, аспан айқай салды ма?
Белгі бергендей, тылсым жел есіп.
Отырмыз неге, іштей тек тынып?
Жатқандай әлем бақытқа бұрып.
Айтып қал,
Сөйле,
Тіл берген Құдай.
Болады қабыл, Жаратқан Ұлық!
Жаңбырлы нөсер - жасы ма аспан?
Келді ғой көктем, жасылға ұласқан.
Қыр гүлін, жүр, қайтайық теріп,
Күркірін естіп, жасынға ұласқан.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇