Өлеңдер ✍️

  30.07.2026
  100


Автор: Гүлзия Тәжіханқызы

ТОЛҚЫНЫН ТЕҢІЗ КЕШКЕН ОЙ...

 


Оңынан туып, шешіліп,
Тағдырға артсам кеш үміт,
Маған да бақыт аялдап,
Есікті қағып, жалт етіп,
Бір күні келер кешігіп.


Біле алсақ өмір бағасын,
Қанағат тұтып барға асыл.
Бірақ та, қайран уақыт,
Неліктен бізге білдіртпей,
Алыстап қайда барасың?


Бұйыртса егер биікті,
Ұмытпан адам кейіпті.
Тіршілік нәрін сездірген
Қадірін ұғып өтермін
Өмірді мына сүйікті.


Жалғанды мәңгі жасар кім?
Аяқты аңдап басармын.
Үмітсіз көрсем, ағылар
Көл болып тамар жанардан
Тамшысы болып жас- ардың.


Ай болып жарық төксем бе,
Жыр толқын ойды кешкенде?
Тереңнен гауһар теремін,
Тізбектеп моншақ сөзбенен,
Жырыммен теңіз кешсем де.
Үмітке қолды созамын,
Жер болып сіңіп өшсем де.


Гүлзия Тәжіханқызы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу