16.06.2026
  21


Капитализм: Әйел – өнім?

   Капитализм – әлемдегі ең көп орын алатын идеология. Әрбір ел, тіпті әлем ұстанатын өмір темпі. Көбісі капитализм тек физикалық тұрғыда сезіледітін идеология, ол адамның рухани және моральдік ұстанымдарға ешқандай әсері жоқ деп ойлайды. Бірақ бұл дұрыс емес, тіпті өтірік. Капитализм – ақшаға сүйенетін әлем. Неғұрлым ақша көп болса, соғұрлым адам бақыттырақ. Бұл ойлар қоғамдаға бәсекелестік «жетістік» және «успешный успех» культтеріне әкеп соғады. Осы нарративтер барлық адамға бірдей әсер етеді, бірақ капитализмнің әйел адамға деген әсері екі есе интенсивті әрі негативті.


    Үлкен компаниялар мен брендтер әйел сұлулығын басты мақсат етіп, агрессивті маркетингке өтеді. Әйел сұлулығы, нәзіктігі және оның энергиясы нағыз өнімге айналады. Макияжға арналған өнімдер, киім, гигиенаға керек тауарлар жарнамаларда  өте жиі кездеседі. «Кірпігің қысқа болса – тушь сатып ал», « бетіңнің түсі ұнамаса – біздің процедураға жазыл» деген жарнамалар әйелге адамға комплекстер мен сұлулық стандарттарын таңиды. Тіпті ең қарапайым қызғылт түсті ұстара, басқаша бритва, әрқашан көкке қарағанда қымбаттырақ. Себебі қызғылт түсті өнімдердің басты аудиториясы әйел адамдар, сол үшін ол өнімдер қымбаттырақ. Бірақ екі тауарда түсінен басқа еш айырмашылық жоқ. Бұл құбылыс «налог на розовый» деп аталады. Дене шаштары – табиғи зат, оны қыру міндетті емес, әйел денесіндегі целлюлит де норма, оның еш ұяты жоқ. Бірақ қоғам әйелге бұл заттар үшін әрқашан шейминг және қысым көрсетуде. Сұлулық, өте арық дене, нәзіктік – капитализммен таңылған ұстанымдар. Бұл идеология ешқашан әйел жайлы ойламайды, оның негізгі мақсаты – мүмкін болғанша көп ақша жарату. Бірақ қоғам әліде бұны түсінбейді, ал түсінсе, қабылдағысы келмейді.


    Әрине, бұл идеология тек әйелдерге ғана емес, жалпы адамзатқа өте үлкен әсерін тигізеді. Адамдар рухани құндылықтарды ұмытып, ақша жаратуға асығады.  Бірақ әйелдер әрқашан азшылық топ болғандықтан, оларға қысым көрсету оп оңай, және капиталисттік әлем онымен қолданады. Бұл тек өмір темпіне ғана емес, әйелдің өзін өзі қабылдауына және махаббатына әсер етеді.  Медиада және жалпы қоғамда берілген тақырып аз талқыланады, керісінше жиі насихатталады. Әйел адам өзіне қысым көрсетпеу және табиғи заттарға ұялмау керек.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу