Өлеңдер ✍️

  15.06.2026
  2


Автор: Оралбек Бек

* * *

Көш ілесті көкбөрінің соңынан,
Боран ол да тына қалды дауылы.
Адамдар кеп оңы менен солынан,
Қаны бір ғой, бәрін бірі таныды.

Құшақ айқас! Жатыр жүрек жарыла,
Көп іздеген бірін бірі сарыла.
​От жағылып, орта толды бұл түнде,
Қайта оралды бабалардың бағы да.


«Жоғалдыға» балап жүрген бауырлар,
Барлығы да екен нағыз арыстан.
Ақтарғанда ішіндегі жан сырын,
Болып шықты жоқшылықпен алысқан.


Қазақ болдық, саха болдық табыстық,
Қиыр шеттен құпия бір бақ іздеп.
Мұздай суық өлкеменен таныстық,
Болдық, міне, жөн сұрасаң - нағыз бек!


Тәуекел деп, тар жолдармен жүрдік біз,
Жер астының байлығына үңіліп.
Мұз құрсаған тасты қашап тілдік біз,
Қиындықтан қашпадық еш түңіліп.


​Сыйластықпен сөгілмеді іргеміз,
Қашан көрсең шынтақтаймыз - төрдеміз.
Құтты болды жаңа жұрттың бесігі,
Қарамаймыз атағыңа, шенге біз.


Қанымыз бір, бабамыз бір — Түркіміз,
Сахасың ғой бірге туған туысқан.
Қазақ - қазақ! Жоқ біз жақтан іркіліс,
Кезіміз жоқ ешкіммен де суысқан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу