Өлеңдер ✍️

  07.05.2026
  116


Автор: Тұрдыхан Айдарханұлы

Қара дөңдер

 


 


 


Қара дөңдер сұлап жатыр


ымырттағы жайқын мұң.


Бұлақ жатыр тілсіз сәби,


Мен оның, Жыры болып айтылдым.


 


Сол бір бұлақ


Қашып шыққан кеудемнен,


Құмға сіңіп кеткен бе?!


Қағама ол есігімді,


Алыс қалған, Балғын бала көктемдей.


 


Қара дөңде көп отырып қалқиып,


Қоңыр жыр боп өрілдім..


Жанарымда жалғыз тамшың қалды ұйып,


Асау өзен не білдің?


 


Қараңғылық қанатында түнеген,


Өтер уақыт кесімсіз.


Мылқау ғалам жұтып кетер,


Барлығын да еш үнсіз.


 


Қара дөңдер қалғып кетсе,


Мен де бірге көз ілем.


Далам мұңын зар қып төксе,


Оянамын табиғаттың көзімен.


 


Қара дөңдер


Қалғудамын әлі мен,


Жүрегіме жұлдыз біткен шашылып.


Сыбырлайды самал жел,


Қорқа ма екен табиғаттың кәрінен,


Кетпесін деп жұмбақ жанар ашылып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу