14.02.2026
  70


Оқыған сайын ашылған мүмкіндік

Адам өмірі қайталанбас сәттерден тұрадыәл сондай кез менің де басымнан өтті.Мектебім наурыз айында “100 кітапсайысын ұйымдастырды.Алғашында  жай кезекті сайыс деп ойлап,аса мән бермегенім өтірік емес.Бірақ ол кездебұл жарыстың менің өмірімдегі естен кетпес сәтке айналатынын білмедім.


Сайыстың бірінші кезеңінде қаһарман Бауыржан Момышұлының туындысы-“Ұшқан ұяоқуға берілді.Шығарманы оқу барысында ерекше сезімге бөлендім. Бауыржан атамыздың өмірі арқылы тұтас халықтың бейнесі,ұлттық тәрбие мен құндылықтар суреттелген. Бұл кітап маған мектеп қабырғасынан бастап ұлттық тәлім-тәрбиені бойыма сіңірудің алғашқы қадамы болдыірінші кезеңде оқыған кітапқа байланысты эссе жаздым.Қатты қобалжып,көп қателер жібердім.Бірақ екінші кезеңге өткен оқушылардың арасынан өзімді көргендегі қуаныш әлі есімненкетпейді.Солай,екінші кезеңге дайындықты бастадымұл жолы әлемдік поэзияның беделді өкілі Александр Пушкиннің “Капитанская дочка”еңбегін оқып,тест тапсырдым.Тесттің барлық сұрақтарынан сүрінбей өтіп, соңғы және шешуші кезеңге аяқ бастым.Бұл кезеңде әйгілі Герберт УэллстыңУақыт машинасыроманыноқып,ағылшын тілінде сұхбаттасу жүргізілді.Солай көзді ашып жұмғанша үшінші кезең де басталдыітапханада бос орын жоқ,оқушылардың бәрі кітапты қайта-қайта парақтап,қызу дайындық үстінде.Әлбетте,менде де өзге тілде өз ойымды толықтай жеткізе аламын ба деген үрей басым болдыірақ бұл қорқынышым бекер екен.Бәрі ойдағыдай,жеңіл өтті.


Сайыстан кейінгі бір апта ұзақ көрінді.Марапаттау күні келгенде жүрегім дүрсілдеп, өзімді ұстай алмай отырдым. Ал менің атым аталған сәт - өмірімнің ең бақытты, еңжарқын сәттерінің бірі болды. Мен бас жүлдені иелендім! Марапаттау сәтінде қолыма спорттық жаңа үлгідегі велосипед табысталғанда қуанышым шексіз болды. Бірақ бұл қуаныштың ең үлкеніөзім үшін емес, өзгеге қуаныш сыйлай алғаным еді. Өйткені бұл велосипед менің емес,  ағамның көп жылдан бергі арманыіне,осылайша бір жарыс өмірімнің жарқын естеліктерінің біріне айналды. Менің сізге айтарым-мүмкіндіктен қашпаңызанымал оратор Ник Вуйчич”Тағы бір күн-тағы бір мүмкіндік дегендей,кейде жай ғанақатысып көрейіндеген шешім өміріңді өзгертетін жаңа кезеңнің бастамасы болуы мүмкін. Ал сіз өміріңіздегі осындай кішкентай, бірақ маңызды жеңістерді бағалай білесіз бе?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу