Шығармалар ✍️
Тілдің қоғамдағы маңызы
Тілсіз, ел болу мүмкін бе? Әлде тілдің маңызы орасан зор ма? Тіл – әр ұлттың қасиетті байлығы.
Қазіргі уақытта әр ұлттың атадан мұра болып қалған өз тілі бар. Тілдің сақталуы ұлттың өз қолында. Әр ұлттың басқа жұрттан ерекшеленіп тұратын қасиеті бар. Ол, әрине, тіл.
Тіл – халықтың болмысының айнасы. Тіл арқылы әр халық өз тарихын ұрпағына жеткізіп отыр. Тілін жоғалтқан ұлт – өз ерекшелігінен айырылғандығын дәлелдейді.
Бүгінгі таңда тілді құрметтеу және оны қорғау әр адамның міндеті. Кейбір елдерде шет тілдің ықпалына кіріп, өз тілін ұмытып жатқандар жетерлік. Сондықтан әрбір адам тілді сақтау жолын , өзінен басталғаны жөн.
Әрбір тұлғаның тіліне деген құрметі – еліне деген құрметі. Тілді сақтау жолын бірлесіп қаласа, одан әрмен көркейетіні сөзсіз.
Қорытындылай келе:
Жастар ана тілінде таза сөйлеп, өз үлесін қосса, оны күнделікті өмірде қолданса, тілдің мәртебесі де арта түсер еді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇