Инфляция
2025-жылдың соңында Қазақстанда инфляция деңгейі қайтадан қоғам назарындағы
басты мәселелердің біріне айналды. Күнделікті тұтынатын азық-түлік пен қызмет
түрлерінің қымбаттауы халықтың әлеуметтік жағдайына тікелей әсер
етуде.Инфляция–бүгінгі Қазақстан қоғамындағы ең өзекті экономикалық
мәселелердің бірі. Бағаның өсуі тек статистикада емес, әр отбасының бюджетінен
сезіледі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жылдық инфляция 9,8%-ды құраған. Бұл
өткен жылмен салыстырғанда төмендегенімен, бағаның тұрақтанды деп айтуға әлі
ерте.Бағаның шарықтап бір орында тұрмайтын уақытында “тұрақтанды” деген сөзді
қолдану біз үшін әзірге қиын болмақ.
Сарапшылардың айтуынша, бағаның өсуі әсіресе әлеуметтік маңызы бар тауарлардан байқалады:
•Нан және ұн өнімдері – 12,3%
•Ет және ет өнімдері – 10,6%
•Сүт өнімдері – 8,9%
•Тұрғын үйді жалдау ақысы – 15%
•Көлік қызметтері – 11,2%
Еліміз шетелдік өнімдерді тұтынуға бейім.Сондықтан экономистер
ұзақ мерзімді, жүйелі реформаларсыз инфляцияны толық ауыздықтау
қиын екенін алға тартады.
Мамандар инфляцияға әсер етіп отырған бірнеше факторды атап
өтеді:
Импорттық тауарларға тәуелділік
Ұлттық валютаның әлсіреуі
Жанармай мен логистика шығындарының өсуі
Әлемдік нарықтағы тұрақсыздық
Тұрғындардың тұтыну сұранысының артуы
Жерімізде біршама белең алған инфляция жағдайы бойынша “Инфляция-тек
экономикалық емес,әлеуметтік мәселе.Ол халықтың нақты табысын төмендетеді”-деп
пікір білдірді қаржы сарапшысы Гүлмира Сейітова.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇