Өлеңдер ✍️

  07.12.2025
  221


Автор: Қайрат Нұрболат Қайратұлы

Елайым.

Түнгі қалада, стадионда,


Көзім түсті ең сұлу аруға.


Өз көзіме сене алмадым расында,


Көзқарасымды бірақ жасырдым.


Зулап ойларым, әннің жолдарын,


Арнар едім әттең әнші болмадым.


Ватсабына сәлем жолдадым,


Сезімімді жасыра алмадым.


 


Жүрегім тек сізде, сәлеметсіз бе?


Жағдай қалай күліп жүрсіз бе?


Бұл өлең ретсіз бе,махаббат шексіз бе?


Сезімім бар ғой сізге.


Ұқсайды күн сізге,


Жыламай жүрсіз бе?


Жадырап жүрсіз бе?


Жүрегім жыр жазад(ы),


Сөздері маржандай.


Сәлеммен мен ғашық Нұрболат.


 


Сұлу дидары,


Әрбір ойлары.


Жүрегімнің ең сұлу мейманы,


Көз салмастан жанды қинады.


Нөмірін бермей сұрап тұрғанда.


Берілемін бе?


Шегінемін бе?


Тез жеңілер сонда әлсіз ермін бе?


Болмайды деп мұндай серуен күнде,


Әкеттім сізді жүрегімнің қақ төріне.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу