Қыз бен ұл-тең қанат: Қоғамдағы гендерлік үйлесім
Гендерлік теңдік деген мағына-әйел мен ер арасындағы теңсіздік.Бұл мәселе бұрыңғы ата-баба заманында да,қазіргі заманда да өзекті бір үлкен мәселе болып отыр. 21 ғасырда тіптен ер мен әйелдің мәселесі өршіп тұр. Қазіргі заман -адам құқығы мен еркіндігі шыққан дәуір. Осы орайда,гендерлік теңдік мәселесі де күн тәртібінен түспей келеді. Ерлер мен әйелдердің құқығы тең болуы қажетпе? Осы сауалға жауап іздеп көрейік.
Әйелдер де ерлер де қоғамның толыққанды мүшесі. Екеуінің де мүмкіндігі бар.Бұл тақырып менің ойымша Алаш кезінен бар. Дәлелдей кетсем, Мағжан Жұмабаевтың «Бақытсыз Жамал»,Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романдары әйел теңсіздігіне арналған. Бұл екі романды мен өз басым оқып,жүрегім қан жылады.... Неге? Десеңіздер сол кездегі қыздардың өте төмен дәрежеде болуы. Қыздарды өзі қаламағаннәрсеге зорлық-зомбылық пен көндіру.Оқи отырып,жүрегіме жетті! Қазіргі таңда да сондай жағдайлар кездесіп жатады. Бірі сүйіп қосылса да,ажырасып,тіпті соттасуға дейін барады. Ал,бірі сүймей қосылып опық жеп жатады. Бұның бәрін бірі біліп,бірі білмейді. Себебі,қазақ халқында қыз баласы ғана ұят бар сияқты бүкіл жерде елден ұят деп бәрін жасырады. Осындағы әделеттілік,теңсіздік қайда қалды?! Қыз баласы үйін,туған отбасын тастап бір сүйген жігіті үшін кетеді ал, ол жақ қызды аяулайдың орнына сабап жататын жағдайлар болады... Менің байқағаным,қазақ отбасыларында қызға көп көңіл бөлудің орнына,ұл балаға көп қарап жатады. Не себепті олай? Бұл жердегі теңсіздік қайда? Менің ойымша,қызды тоқшылықта,ұлды жоқшылықта өсір деп бекер айтылмаған. Қазіргі таңдағы мәселе әйел үйде отыруы тиіс ер адам жұмыс жасауы керек деген түсіністік қалыптасып кеткен. Екі жақта тең болуы керек дейміз бірақ,осы мәселенің болуы. Әрине,көпке топырақ шашпаймын бес саусақ бірдей емес Қазақстанда көптеген әйелдер табысты кәсіпкер,блогер,т.б. Бұл- олардың қоғам өміріне елеуліүлес қосып жатқанын дәлелдейді. Егер,отбасына ер мен әйел жұмыла әрекет етәп,сыйластық пен,теңдікпен өмір сүрсе қоғамда болып жатқан жағдай тоқтауын табар ма еді!? Гендерлік теңдік тек құқықтық жағынан емес,адамгершілік тұрғысынан да маңызды. Қоғам өзгермесе адамдар бұл нәрсені түсіне алмаса заң мен күш әсер етпейді. Қоғамның ойлау жүйесі өзгруі қажет деп санаймын. Қорыта айтқанда,тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінігендерлік теңдік әділеттілік пен дамудың негізі. Ер мен әйел тең құқыққа ие болғанда ғана қоғам шынайы өркендей алады. Теңдік орнаған ортада адамдар еркін өмір сүре алады,армандарын жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сондықтан,жынысқа емес адам ретінде әр азаматқа құрметпен қарау баршамыздың ортақ міндетіміз деп ойлаймын.
Тараз қаласы 49-мектеп гимназия
11сынып оқушысы Жолдасбек Арай
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇