Эсселер ✍️
Әлемнің түрлі есігін ашатын қасиеттер: Адамгершілік, Мейірімділік, Білімділік
Авторы: Батыргали Шапағат
Әлем - біз білмейтін қырлары көп, ашылмаған қырлары көп дүние. Біз әлемді тек бір жақты ғана көреміз. Мүмкін біз көретін бағытты басқалар байқамайтын шығар, мүмкін олар көретін бағытты біз көрмейтін шығармыз. Қазіргі өмірімізге шүкіршілік ету, әрине жақсы, бірақ одан да артық талпынып немесе мейірімді көзқараспен әлемге зер салу - адамгершілікке бір қадам.
Адамдар басқа бағытта көруге мүлдем тырыспайды да, қалай өмір сүріп жатырмыз, солай өтеміз деп ойлайды. Осындай талай адамды көрген Міржақып Дулатұлы: «Құдай не жазса, соны көреміз деу соқырлықтың белгісі. Тағдырдың жазғаны болар деу - ақымақтықтың белгісі. Адам не тілесе, Құдай соны тағдыр қылмақшы» - деп жазған екен зиялымыз. Сөйтіп, өз тағдырлас, замандастарына денің сау болса, білім ал, қалың ұйқыңнан оян деп белгі берген екен. Ол уақытта халықта мүмкіндіктер болмаса, қазіргі халықта мүмкіндік бар, құлшыныс жоқ. Бірақ, құлшыныс тек білімде емес, адамгершілікке, мейірімділікке де болады. Біз күнде көріп жүрген табиғат кейбір адамдарға арман. Біз күнде жалығып тыңдайтын шуды тыңдау біреуге арман. Біз күнде баруға ерінетін жерлерге біреуге бару арман. Әр тіршілік иесі әлемді әртүрлі жағынан көреді. Мәселен, Африка елдерінде қарапайым азық-түліктың өзі арман, Үндістанда керемет жерде жұмыс істеу арман. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» - демекші, білім алу да , мейірімді болу да біреуге қол жетпейтін шың секілді көрінеді. Біз үшін қазір ең мүмкіні - білім алу, білім болса барлығы рет-ретімен болады.
Өмір сүріп жатқан өмірімізді бақытты да, баянды ету біздің қолымызда. Өз өмірімізде өзіміз басты рөлдеміз, сол себепті ештеңеден қорықпай, істеуге қорқатын істерге тәуекел еткен жөн. Бүгін болмаса, қашан? Тек білімімізді ғана көркейтіп қоймай, адамгершілік қасиеттерімізді де ұмытпаған дұрыс. Өмірімізді жақсы бағытқа өзгертейік, не болмаса жаман бағытта қалу қаупі бар. Әлемнің түкпір-түкпірінен қанша адам өмірімен қош айтысады. Кейбірі қиын дерттен жазылады. Мүмкін емес ештеңе жоқ, шектеулер тек біздің миымызда.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇