Өлеңдер ✍️

  24.02.2025
  214


Автор: Еркін Оралбайұлы

ҒАЗИЗА ҚҰРДАСҚА

 


 


Сүйсiндiрген нұр төгiлiп келбетіңе,


Әдемі қыз, қыр гүліндей тербетілген.


Жан дүниеңдi түсiнген, әрбiр жанға, Сендей сұлу кездеспес жер бетiнен.


 


Сұлу едiң жасыңнан, әдемi қыз,


Болып жүрдік, өзiңнен дәмелi бiз. Келісердей әр жiгiт саған қарап,


Бәрін таста десеңіз, уәдені бұз.


 


Мөлдiреген жарқырап көзің сұлу,


Ет жүрекке берердей сөзiң жылу. Сыңғырлаған үнiңдi естігенде,


Мүмкiн емес қарамай төзiм қылу.


 


Бөлгiзбеген көңілді балалық па? Бозбалалық шолақ ой, шалалық па?


Көз алдымда әлi сол сүйкiмдi қыз.


Ұзақ жылдар өтсе де, аралықта.


 


Кетсе-дағы балалық шақ озып бір,


Ұмытылып кетпесін бақ азып құр.


Көрмесек те арамыз алыс болып,


Амандықты білейік, хат жазып тұр...


 


Еркін Оралбайұлы 4.02.2019




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу