Өлеңдер ✍️

  23.02.2025
  97


Автор: Еркін Оралбайұлы

ҒАЙБАТТАМА

 


 


Көзің жетпей біреуді ғайбаттама,


Дұрыс болар сөйлеген айғақ таба.


Зуылдама жігіттер, сияқты боп,


Бедері жоқ ескірген тайғақ таға.


 


Сөйлейтіндер шығыпты айбаттана,


Жалған сөйлеп күнəға сай тақ таба.


Сырттан сөйлеп, кінəлап адал жанды,


Мініп кетпе күлкі боп жайдақ тана.


 


Тілге ие бол, сөз сапта жайлап қана,


Алла берген әркімге сайлап сана.


Тілден деген бар бәле атам қазақ,


Бəле атты алмағын байлап шала.


 


Терең ойла, ақылды бойлап жама,


Күнə артпа біреуге ойлап жала.


Сұрауы бар бәрінің ақыретте,


От басатын тайлақтай ойнақтама.


 


Сырттан сөйлеп ешкімді қаралама,


Арам ниет сұм əлемін аралама.


Арбауына шайтанның ілесем деп,


Адал жанның жүрегін жаралама.


 


Жат ісіне орынсыз араласпа,


Білмесең өміріне жағаласпа.


Айтқан сөзің шындықтан алыс болып,


Сыйың кетіп ел-жұртқа қара баспа.


 


Еркін Оралбайұлы 18.02.2018




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу