Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.02.2025
220
Майра Әкия қызына
Ауыры білінердей тасты алғанда,
Үлкен де, бұл өмірде жаста арманда.
Фәниден отызыңда кете бардың,
Өмір жол енді ғана басталғанда.
Ей, тағдыр ажал себер оқ па сының?
Қу жалған алдамшы ма, жоқ па шының?
Толтырмай үш мүшелге алып кеттің,
Қызығын да көрмей кетті отбасының.
Тағдырға не ұтамыз нала болып,
Тұрса да, сұм ажалға дала толып.
Арманың орындалмай қала берді,
Тастаған шабындықтай шала орып.
Пәледен жүрсе де Алла ақтап құлын,
Келсе өлім қайғырамыз қақсап жұлын.
Артыңда ұрпақ қалды, тәубе дейміз,
Түтетіп отыңды отыр Мақсат ұлың.
Еркін Оралбайұлы. 12.09.2018
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter