Өлеңдер ✍️

  19.02.2025
  758


Автор: Жібек Ысқақова

КЕЛ ЖАҢА ЖЫЛ, ЖАҢА ЖЫЛ!

Кел жаңа жыл, жаңа жыл шаттық сыйлап,
Әрбір үйге таусылмас бақыт сыйлап.
Кел жаңа жыл, жаңа жыл төрімізге,
Қуанышты ғажайып уақыт сыйлап.
Кел жаңа жыл, жаңа жыл үйімізге,
Отбасыны нұрлы етер жақұт жинап…!
Кел жаңа жыл, жаңа жыл әндетейік,
Әрбір күнді уақытты мәнді етейік.
Кел жаңа жыл, жаңа жыл, шын жүректен,
Ақ тілекпен ортаны сәнді етейік!
Кел жаңа жыл, жаңа жыл есік ашып,
Жаңа күнді жаңаша әрлетейік!
Кел жаңа жыл, жаңа жыл бағымызға,
Арай беріп әр атар таңымызға.
Кел жаңа жыл, жаңа жыл, сый ектіріп,
Тамыр жайып гүлдейтін бағымызда.
Кел жаңа жыл, жаңа жыл, сыйласайық,
Шуақ шашар күндей боп жанымызға…!
Кел жаңа жыл, жаңа жыл билейікші,
Әр күн сайын құлпырып, гүлдейікші!
 Кел жаңа жыл, жаңа жыл ризық көп боп,
Жаңа жылдың алауын үрлейікші.
Кел жаңа жыл, жаңа жыл айлы түнде,
Жұлдызымыз жарқырап тұр дейікші…!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу