Өлеңдер ✍️

  18.02.2025
  928


Автор: Жібек Ысқақова

АНА ТІЛІМ — АСЫЛЫМ

Ана тілім — асылым,
Жалау болған жаныма.
Өзіңменен ана тіл,
Барамын гүл бағына.
Ана тілім — жарығым,
Күндей жылу беретін.
Жүрегімнің төріне,
Көктем болып енетін.
Ана тілім — сәулесің,
Ай нұрындай тербелген.
Жұлдыз болып жарқырап,
Қазағыма дем берген.
Ана тілім — бақытым,
Ғашықпын мен өзіңе.
Бас иемін ана тіл,
Айтылған әр сөзіңе!
Ана тілім — жаным сен,
Сені ессіз сүйемін.
Баға жетпес байлығым,
Бір өзіңсің киелім.
Ана тілім — қазақ тіл,
Жүректесің мәңгілік!
Жандана түс ана тіл,
Бар әлемді таң қылып!
Ана тілім — анамсың,
Ыстық сенің мейірің.
Баурап алар өзіңе,
Дархан жүрек, пейілің!
 Ана тілім өзіңмен,
Жақсылықты жалғаймын.
Биіктерге жол ашып,
Қанат қағып самғаймын!
5.02.2024 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу