Өлеңдер ✍️

  12.12.2024
  94


Автор: Арыс қаласы

Осы Арыс қаласы білсеңіздер

Осы Арыс қаласы білсеңіздер,
Арысымда Арыстың өзені бар.
Арысымның жағасы баурап алар,
Таңғажайып құлпырар кезеңі бар.

Осы Арыс қаласы білсеңіздер,
Татулықтың мекені, сыйластықтың.
Тұрғындары бірлікте үн қататын,
Нышаны бар жерім бұл қимастықтың.

Осы Арыс қаласы білсеңіздер,
Тоғыз жолдың торабы далам осы.
Мен боламын туылған бұл мекенде,
Алдарыңда үн қатқан балаң осы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу