Эсселер ✍️
Көңілімнің күйі сен, өмірімнің сыйы сен — Кентауым!
Қолыма қалам алдым, өзің жайлы ойымды жазғым келді. Сен жайында өлеңдер көп жазылуда, әндер де әуелетіп шырқалуда. Аспаның ашық, бір өзіңе бар жақсыны беріп отқандай. Көкжиектен шуақ шашып шыққан күнің де біздерге барлық нұрын сеуіп, жанымызды жадыратып жатқандай. Тұрғындарың да ғажайып, сыйластықпен үндесіп, ынтымақтасып, бірлесіп, қандай жағдай болмасын бір-бірін қолдап, ұлттық мерекелерде бірге атсалысып, арқа-жарқа күй беріп, шаттықтары артуда. Ия, бұл қай қала екен?! Әрине, «Қаратау Тәжі» атанған Кенді қалам Кентауым ғой. Халықтары қарапайым, көпұлтты қала. Бір-біріне деген сыйластықтары жоғары тұрғындары бар, кітапханалары, оқу ордалары жоғары дамыған, оқушылары мен студенттері білімді, мамандары білікті қала дей аламын.
Бұл өмір ғой, ақ пен қара бір жүрген, бұл өмір ғой, мұңаю бар, бір күлген. Кем жерлері болса-дағы қаншама, Кентауымды жақсы көрем, жақсы көрем күзімен. Жаса, жаса, сен Кентауым жасай бер! Қандай ғажап өзіңде біз бір жүрген!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇