14.05.2024
  39


Автор: Ташкенбай Бекарыс

Қоғамдағы санасыздар

Мен осыны жазбас бұрын ҚАЛАМ арқылы мысал келтіргенмін. Сол постты көріп барып оқысаңыз түсінікті болар еді.
Негізі айтатын тақырыбым бұл емес. Бұл сіздерге тақырыптың мәнін ашу үшін бір мысал. Интернет желісінде бір бағытқа арнап айтылатын видеоларға сын жазатын адамдар үшін жазып отырмын. Ондай пікірлер мағанда түседі. Олардың негізгілері қыздар тарапынан: Неге сендер қыздар жайлы айта бересіңдер? Неге сендер жігіттерді тәрбиелеу керек деп айтпайсыңдар? т.б. көптеген сұрақтар келеді. Жігіттерден де ондай сұрақтар келеді. Қыздарды тәрбиелеу керек. Қазіргі қыздар бұзылған, т.б. көп сын айтады. Осындай пікір жазатын адамдар осы жазғандарымды оқыса деймін.
Жаңа басында қаламмен мысал келтіргендей түрлі түсті қалам болғандай, адамдарда да түрлі тағдыр жолдары бар. Түрлі тағдырлардың көбі бір бағытқа жиналғанда, сол бағытты негізге ала отырып сын айтамыз. Әрине біреулер ойлайды үйінде отырып алып ақыл айтқыш деп. Айтылу керек дүниелер болады. Айтпасақ қоғам құриды. Сын айтқанда да оны тәрбиелеу үшін, дұрыс бағытқа бұру үшін айтамыз, видео түсіреміз. Біз тек бір бағытты ғана айтамыз. Сөз басында бүкіл қыздарға немесе бүкіл жігіттерге арналады демейміз.«Көпке топырақ шашпаймын» деген сөзді негізге ала отырып айтамыз. Түрлі тағдыр,
түрлі адамдар бар. Жақсы-жаман, иманды-имансыз, ақылды жігіт-санасыз жігіт, бұзылған қыз-бұзылмаған қыз, тәрбиелі-тәрбиесіз т.б. көп айтаберсең. Бұлардың бәрін бірге қозғайтын болса, адамның жеткізуіде, қабылдауыда қиынға түседі. Сол үшінде жеке-жеке тоқталып түсіндіруге тырысамыз. Сіздер айтпасаңыздар да білеміз қоғамда неше түрлі адамдардың бар екенін. Әркім өзін тәрбиелеу арқылы қоғам тәрбиеленеді. Өз өзін тәрбиелеу үшін айтқан ақылды қабылдай білу керек.
Қазіргі уақытта информация өте көп. Күнде неше түрлі жаңалықтарды көресің. Біреу зорлап жатыр, біреу өз өзіне қол жұмсап жатыр, т.б. неше түрлі азғындықтарды көріп жатырмыз. Бұның бәрін еркектерден немес әйелдерден көру дұрыс емес. Екі жақтан теңдей көру керек. Иә еркектер көзге бірінші түседі. Зорлап жатқан, адам өлтіріп, неше түрлі азғындыққа барып жатқан еркектер. Әйелдер еркекті зорларды дегенді естімеген ғой ешкім. Бірақ әйелдерденде кететін қателіктер бар. Ашық шашық киім кию еркектің нәпсісін оятады. Еркекте ес болмайды деген рас. Онсызда қазіргі қоғамда иманы әлсіз, нәпсісін игере алмайтын ер азаматтар бар. Бір құмалақ бір қарын майдышірітедідегендей бір жігіттің не бір қыздың кесірі бүкіл қоғамға әсер етеді.
Көрген информацияның тек жақсы жағын қабылдап үйреніңіздер дегім келеді. Қоғамда болып жатқан
мәселелерге тек бір жағынан қарамаңыздар. Біреу жамандық жасаса соның кесірінен бүкіл еркекті немесе бүкіл әйелдерді жаман көріп қалуыңыз мүмкін. Ол ертең адамдарға сеніміңіздің жоғалуына себеп болады. Қазақ айтады «жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп. Бұл сөздің астарында екеуіде адамды дұрыс бағытқа жетелейді. Ата бабамыз тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін тауып сөйлеген данышпан кісілер болған. Бұл дегеніміз бір ауыз даналы сөзден қаншама мән, қаншама тәрбие алатын болған. Ал қазіргі уақытта бәрі керісінше. Сөздің төркінін түсінбейтіндер көп. Аузына шайнап берсеңде жұта алмайтын санасыз қыздар, санасыз жігіттер бар. Олар жастайынан қабылдап үйренбеген. Кез келген нәрседен сабақ алуды білмей өскен.
Қоғам бұл халқымыздың айнасы. Қоғамғада білімді, иманды, сауатты жастар керек. БІЗ ҚАЛАЙША САНАСЫЗ АДАМДАРДАН САНАЛЫ ҰРПАҚ КҮТЕМІЗ?! Санасыз адамдар қоғамның дерті. Қазір санасыздықпен күресу керекпіз. Қоғамда үйленбей жүрген қыз жігіттер көп. Оның себептерінің бірі қыздардың жігіттерден көптігі және көп жігіттердің санасыздығы.
Кітап оқыңыздар, білім алыңыздар. Әсіресе үйленетін жігіттер отбасы бағытындағы кітаптарды көп оқыңыздар. 18-20 жастағы ұлдар, қыздар қазірден дайындалыңыздар отбасылық өмірге. Ертең 30ға
келгенде табылғанға тиесің, тием деген қызды аласың. Басыңыздағы миды ойлану үшін берген. Ойланыңыздар ертеңгі күніңізді



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу