Эсселер ✍️

  17.02.2024
  412


Автор: Алғыс айту күні

Алғысым көп, рахмет!

Үйіміздің тірегі, ақ батасын беріп, жанымызға жалау болып отыратын аташым! Сізді көктемнің алғашқы күні «Алғыс айту» күнімен құттықтаймын! Сізге бар жақсылықты тілей отырып, өзіңізге шын жүректен алғыс айтамын! Бар болыңыз, нар болыңыз, аман болыңыз!

Асыл әже, сізге зор денсаулық, қажымас қайрат тілей отырып, бүгінгі алғыс айту күнімен құттықтаймын! Сізге шын көңілмен ризалықпен алғыс айтамын! Әрбір көктемнің алғашқы күнін бірге қарсы алуды Алла нәсіп етсін!

Асқар таудай әкешім, үймііздің тілегі, соғып тұрған жүрегі! Сізді көктемнің алғашқы күнімен құттықтаймын! Сізге көп рахмет, біздерді жетелеп, мейріммен жанымызды жадыратып жүрсіз. Алғысым шексіз, әке! Бар болыңыз, аман болыңыз!

Алақанда аялап өсірген, қатемізді кешірген асыл Анашым! Сізді шын жүректен алғысымды білдіремін! Көңіліңіз шаттана, деніңіз сау болып ортамызда аман жүріңіз, Анашым! Рахмет анашым, ерекшесің, дарасың! Жаның жайнап көктемдей, аман жүрші, Анашым!

Туған туыстпрым, ағайын, көршілер, ұстаздар, ұжымдастар сіздерге шын жүректен рахмет, алғыс айтамын! Алғыс айту күні жандарыңыз жадырап, көңілдеріңіз көтеріле берсін! Амандықта болыңыздар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Інжу
Інжу 29.02.2024 23:04
Өте керемет эссе

Пікір жазу