Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  244


Автор: Жібек Ысқақова

БІР ӨЗІҢ ДЕП КЕЛЕМІН

Өміріме шуақ шашар,
Шапағатын нұрдайын.
Көңіліме қуаттасар,
Баурап алар жырдайын.
Әркез маған сенім берер,
Күндей болып күлімдеп.
Қуаныштың кенін берер,
Жан «Анашым», «күнім» деп.
Анашыңмын сені ойлайтын,
Болмасын деп жамандық.
Өз ортаңнан сен қалмайтын,
Болсын балам қадам нық!
Үміт күтем сенен балам,
Ертеңіңе сенемін.
Күнің болсын жалындаған,
Бір өзің деп келемін!
Жалқаулықты серік етпе,
Наны тәтті еңбектің.
Ата жолын кесіп өтпе,
Ісін жасап тентектің!
 Болма балам көрсе қызар,
Әдепті бол, арлы бол.
Білімді жан алға озар,
Көріп сәтті таңды мол.
Адалдықты сақта ұлым,
Сыйластықты ұран қып.
Биік болсын адамдығың,
Айналаңды жыр, ән қып!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу