09.12.2023
  181


Автор: Жаңа жыл

Құтты болсын жаңа жыл Қазақ елі

Құтты болсын жаңа жыл, Қазақ елі,
Орындалып арманың көңілдегі.
Бұл жаңа жыл сыйласын бар жақсысын,
Қуанышты сәттерін өмірдегі.

Жаңа жылда жетейік табысқа мол,
Жаратқаным жар болып, ашық боп жол.
Жаңа табыс, жаңалық көптеп болсын,
Жетелейтін бақытқа, қадамы оң.

Аман болсын отбасы, ошақ қасы,
Жаңа жылда жаңаша күйін сыйлап.
Әрбір атар таңымыз шырайлансын,
Амандықта оятар сыйын сыйлап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу