28.08.2023
  458


Автор: Тұсаукесер тойы

Қаз-қаз балам, бас алға

Қаз-қаз балам, бас алға,
Құтты болсын қадамың.
Тұсауыңды кесейін,
Биік болсын талабың.

Күрмеуіңді шешейін,
Берік болсын адымың.
Тәй-тәйлап сен баса түс,
Жар боп саған Тәңірім!

Қаз-қаз балам, бас алға,
Қиындықтар болмасын.
Жүрер жолың ашық боп,
Жаратқаным қолдасын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу