Өлеңдер ✍️

  10.07.2023
  51


Автор: Серікбай Оспанов

Ұстатпай кеткен сан арман...

Ұстатпай кеткен сан арман...


Тап болдым ғажап кенішке.


Сондай-ақ болар адал жан,


Сондай-ақ  болар  періште.


 


Қол  созып  тағы


Ойландым,


Созғандай  қолын  ол-дағы.


Ішімде болған ойранның


Сыртыма шықты толғағы.


 


Адамым еді аңсаған,


Қуандым  құдай қосты деп.


Бір-бірін   аңсап


шаршаған


Бірігіп  соқты  қос жүрек.


 


Шыға да жаздап жүр жаным,


Жан екенмін ғой бар бағым.


Оралды сол бір жылдарым,


Оралды  сол бір арманым.


 


Оралды сол бір жас шағым,


Тәтті  күндерді  арқалап.


Күліп  тұр  енді  аспаным,


Қартаймайды  екен  махаббат!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу