Өлеңдер ✍️

  13.10.2022
  101


Автор: Нұрмұхаммед Әбілқасымов

Ұлылар

Жанымды жайсаң кім ұғар?


Санасы терең ұғынар,
Жаралы арлан тірсегін
Тістеніп жалап шынығар.
Көкейге толған қанды шер,


Қолқаға кенет тығылар,


Осылайша күн кешкен


Мен білетін ұлылар.


Салмағым солға тартса да,
Таразым оңға жығынар.
Жар басында жантаққа


Мықты нар ғана құнығар.
Өмір деген жылтыр мұз,
Жаяулар да жығылар.


Арына дақ түсірмей,
Жанын да қиған ұлылар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу