Зейнолла Әкімжанов

Зейнолла Әкімжанов 1951 жылы 1 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Амангелді ауылында дүниеге келген. 1974 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1975 жылдан бері Солтүстік Қазақстан облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетінің мәдениет бөлімін басқарып келді. 1993 жылы «Жерұйық», 2001 жылы «Мизамшуақ» атты жыр жинақтары жарық көрді. Орыс ақындарының өлеңжырларын, әңгімеповестерін қазақ тіліне аударды.
2020 жылдың 25 шілдесінде дүниеден өтті. Туған жері Амангелді ауылында жерленді
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: