Мүйіз туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 6
Жұмбақтар: 10
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 8
Әңгімелер: 1
Ертегілер: 1
Аңыздар: 1

Мүйіз тарақ
Алдымен айнала, алқа қотан отыруға ыңғайлы дөңгелек үстелдің бетіндегі дастарханның шетін қайырып, алақанын жайды: «Асқа адалдық, басқа амандық бере..
©  Дәурен Қуат
Сүзеген сиырға тəңір мүйіз бермес.Бұл мақал басқа кісіге зиянын тигізетін залал істі істей алмай қалған адамға арнап айтылады.
©  Түркі халықтары
Баланың ісі – іс болмас,Лақтың мүйізі сап болмас.
©  Түркі халықтары
ЕСКЕНДІРДІҢ МҮЙІЗІ
Мазасыз ой тап болды неге маған,Тыныштығын күйттеген өлең аман...Шекпен киіп жайланып, үнсіз қалды,— Ел мұңы — менің мұңым! — деген ағам.Жә, жарайды..
©  Бауыржан Бабажанұлы
Мүйіз көрсең—ақша аласың.
©  Түс жору
Ай мінгізіп күйсейді мүйізіне...
Ай мінгізіп күйсейді мүйізіне,Ақ сақалы салбырап арқар түлік.Малдас құрып алты қат киізіне,Атам отыр тамшыдан арқан тіліп.Бұлт еңбектеп жетеді..
©  Сұраған Рахметұлы
Алтын мүйіз кербұғы
Мұнарт, мұнарт қалған бұлт, ақ көпігі көпірген,Көбік бұлтты кеудемен көсеп-көсеп,өкірген,Алтын мүйіз кербұғы-ай!Күйек тартса, сай түбі сағал-сағал су..
©  Азамат Тасқараұлы
Ақ мүйізді ақ серке
Мейрамында күн мен нұрдың,Мейрамында гүл мен жырдың,Мейрамында тіл мен ділдің –Қозы-лақтай жамырасып,Шын шаттанып күлген жұртым!Ақ серкеміз қой..
©  Сəбит Бексейіт
Қағып ап қарағайдай мүйізімді
Айналды бір суық жел жан қоймасқа,Шама жоқ жапырақтай сарғаймасқа.Келсабтың тұмсығындай көп соғылған,Бұл күнде төбе тықыр, маңдай қасқа.Жүріп-ақ..
©  Несіпбек Айтұлы
Ай мүйізді ақ қошқар
Ай мүйізді ақ қошқар,Ай мүйізді ақ қошқар.Аппақ жылы тоны бар,Ақ тақтайдай жоны бар.Маңдайында дөңі бар,Мойнында меңі бар.Қойды айнала байқайды,Ауыр..
©  Өтебай Тұрманжанов
Тоқал бұқа
Бұқа екенің рас,Салақтайды әукең жерге тиіп.Сықырлайды,Кем емесДәл жиырма етіктің ұлтаныЖон теріңе әрең сыйып.Өкіресің-ай кеп сонан соңКөрші ауылдың..
©  Омарғазы Айтанұлы
Қос мүйізді Ескендір
Әйгілі Ескендір патшаның басында қос мүйізі болса керек. Бірақ мұны тірі жан білмейді екен. Себебі шашын алдырған сайын сол шашын алған адамның басын..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Неше мүйіз танада, Неше табан шанада. Айта қойшы сана да. (екі мүйіз танада, екі табан шанада).
©  Сүлеймен Баязитов
Тоқал ешкі
(әні бар)Күнде тәртіп бұзыпты:Кішілерді сүзіптіМиуаны үзіпті,Мүйізіне тізіпті.Міне осындай алыптыАтам көріп қалыпты.Қажыттың деп халықты,Мүйізін..
©  Қадыр Мырза Әли
 Бұқа мүйізінен, адам тілінен ұсталады.
Лақтың мүйізі
Ертеде бір мүйізсіз лақ болыпты. Оның барлық отбасы мүшелері мүйіздермен болған. Бұл айырмашылығын көріп, кішкентай лақ соған өте қапаланған. Сол..
©  Балаларға арналған ертегісі
Ойда он сиырдың мүйізі сықырласа,Қырда қырық бұғының мүйізі сықырлайды. 
Екі шыбын
Бір Өгіз күні бойы тартып сабан,Қайтты елге сабанымен кешке таман.Мүйізінде Қара шыбын отыр еді,Кез болды бір танысы жолда оған.Танысы мұны көріп..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Түйеде жоқ, ешкіде бар,
Доңызда жоқ, қоңызда бар.

Жауабы: Мүйіз
Түйір-түйір төртеу,
Түймеменен бесеу.
Жалғыз тайы жалғыз,
Темір қазық екеу.

Жауабы: Сиырдың төрт емшегі, кіндігі, құйрығы, екі мүйізі
Төрт аяқ ортасында бүгілі бар,
Сөйлейтін өз алдында пиғылы бар.
Халінше сайманы ғой керек заты,
Көтерген екі дана құрығы бар.
Беретін жақынына..
Бүкір ағашқа қар жұқпас.

Жауабы: Сиырдың мүйізі
Ел жатса да енекем жатпайды.

Жауабы: Сиырдың мүйізі
Ел жатса да екі батыр жатпайды.

Жауабы: Сиырдың мүйізі
Қисық шағаға су жұқпас.

Жауабы: Сиырдың мүйізі