Аяқ туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 10
Мақал-мәтелдер: 44
Жұмбақтар: 15
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 24
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 8
Әңгімелер: 2

ҚАНША АЯҚ БАР?
Адамда бiр қуаяқ,Шай iштi екi шыныаяқ.Байлаулы ит ҚұтаяқЖалап жатыр итаяқ...Алаяқ түлкi қуады,Қосаяқты еңiсте.Сегiзаяқ жүзедiШалқып жатқан..
©  Ескен Елубаев
«А» мен «қ»-ның арасы,
Бір-ақ әріп, санашы!
Онсыз аттап жүре алмас,
Адамзаттың баласы.

Жауабы: Аяқ
Жиырма баласы бар төртеуара,
Бірі ұзын, бірі қысқа дара-дара.
Қандайлық іске қоссаң ерінбейді,
Білімпаз мамандығы болған сара.

Жауабы: Аяқ-қол..
Он атты, он жаяу, қырық найзалы,
Қыздың сөзі пайдалы.
Асыққаның аяңдай тұр,
Асықпасаң бір-біріңе таялмай тұр.

Жауабы: Аяқтың, қолдың..
Ағайынды он батыр,
Екі айыр жолда тұр.

Жауабы: Екі аяқ, он башпай
Бiрi – ыдысқа керек,
Бiрi – жүрiске керек.

Жауабы: Аяқ
Төрт аяқ ортасында бүгілі бар,
Сөйлейтін өз алдында пиғылы бар.
Халінше сайманы ғой керек заты,
Көтерген екі дана құрығы бар.
Беретін жақынына..
Екеуі елеңдеп келеді,
Төртеуі төбелесіп келеді.

Жауабы: Аттың екі құлағы мен төрт аяғы
Төлебайдың баласы төбелесіп келеді,
Егізбайдың өгей ұлы ерегесіп келеді.
Екеуі қарауыл қарайды,
Біреуі шөпшек тереді.

Жауабы: Түйенің аяғы..
Ермекбайдың екі ұлы ерегесіп келеді,
Төлебайдың төрт ұлы төбелесіп келеді,
Жағалбайдың жалғызы жағаласып келеді.

Жауабы: Түйенің екі өркеші..
Екі ауылдың баласы еңбектеп келеді,
Төрт ауылдың баласы төбелесіп келеді,
Бір ауылдың баласы шөпшек теріп келеді.

Жауабы: Жайылымнан қайтқан..
Дүбір-дүбір төртеу,
Есенгелді екеу.
Жағалбайлы жалғыз,
Оның таңы қарбыз.

Жауабы: Түйенің аяғы, екі құлағы, құйыршығы
Төрт кісі төсек сал дейді,
Екі кісі қарауыл қарайды,
Үлкен әйел есік аш дейді,
Кіші әйел төмпештейді.

Жауабы: Түйе, төрт аяғы, екі өркеші..
Бір байдың енші алыпты бір баласы,
Алғаны алпыс тоғыз ірі қарасы.
Төрт жерден түлікке желі қағып,
Үш жерден орнатылған мұнарасы.

Жауабы: Түйе..
Құт дарыған қотанның,
Қаруымын шопанның.
«Т»-ны сызып тастасаң,
Мүшесімін адамның.

жауабы
Таяқ - Аяқ