Мүйіз туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 6
Жұмбақтар: 10
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 8
Әңгімелер: 1
Ертегілер: 1
Аңыздар: 1

Неше мүйіз танада, Неше табан шанада. Айта қойшы сана да. (екі мүйіз танада, екі табан шанада).
©  Сүлеймен Баязитов
Түйеде жоқ, ешкіде бар,
Доңызда жоқ, қоңызда бар.

Жауабы: Мүйіз
Түйір-түйір төртеу,
Түймеменен бесеу.
Жалғыз тайы жалғыз,
Темір қазық екеу.

Жауабы: Сиырдың төрт емшегі, кіндігі, құйрығы, екі мүйізі
Төрт аяқ ортасында бүгілі бар,
Сөйлейтін өз алдында пиғылы бар.
Халінше сайманы ғой керек заты,
Көтерген екі дана құрығы бар.
Беретін жақынына..
Бүкір ағашқа қар жұқпас.

Жауабы: Сиырдың мүйізі
Ел жатса да енекем жатпайды.

Жауабы: Сиырдың мүйізі
Ел жатса да екі батыр жатпайды.

Жауабы: Сиырдың мүйізі
Қисық шағаға су жұқпас.

Жауабы: Сиырдың мүйізі
Тауда жүрген құмайды,
Көрген адам сынайды.
Жыл айналып толғанда,
Он екі бұтақ болғанда,
Балта тимей құлайды.

жауабы - Бұғы,жыл толғанда мүйізі..
Ұқсап тұрған жақшаға,
Төбеде өскен шақша ма?

жауабы - Iрi қара мүйiзi