Бұғы туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 1
Жұмбақтар: 12
Тақпақтар: 3
Өлеңдер: 2
Әңгімелер: 1
Ертегілер: 2

Жайласа даҚалың ағаш арасын.Тастамайды төбесіненБұтақ-бұтақ ағашын.(Бұғы)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Төрт ұзын аяғы бар,
басында тарам-тарам таяғы бар.
Жауабы: Бұғы
Жел-боранда жел болып ескен,
Шекесіне сексеуіл өскен.

Жауабы: Бұғы
Төбесінде қу бұтақ,
Алар екен кім бұтап.
Айтайын мен бір жұмбақ тым тамаша,
Тыңдама жұмбағымды ұнамаса.
Бойы бар бір құлаштан астамырақ,
Басында мүйізі бар оннан аса.
Түсі түйенікі,
Аяқ-басы сиырдікі.
Құйрығы ешкінікі,
Мүйізі ғана өзінікі.
Тауда жүрген құмайды,
Көрген адам сынайды.
Жыл айналып толғанда,
Он екі бұтақ болғанда,
Балта тимей құлайды.

жауабы - Бұғы,жыл толғанда мүйізі..
Төбесiнде қу бұтақ,
Алар екен кiм бұтап.
Жапырақ жоқ бұтасында,
Қос емен өсiп тұр бiр басында.
Басына өскен тарбиып,
Жапырақсыз бұтағы.
Алады одан қан құйып.
Емге шипа бұл дағы.
Басында көп-ақ бұтағы,
Адамды көрсе зытады
Таусылама, қарандар,
Табиғаттын қызығы?
Суық жақтағы жануар –
Бұтақ-бұтақ мүйізі.