Ешкі туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 28
Жұмбақтар: 11
Тақпақтар: 11
Өлеңдер: 12
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 2
Әңгімелер: 8
Ертегілер: 9

Ат жақты,Арқар тұяқты.Селкілдетіп сақалын,Қой бастаған тапалым.(Ешкі)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Басында  таяғы  бар,
Төрт  аяғы  бар.
Сегіз  құлағы  бар,
Иегінде  сақалы  бар. 
(Ешкі)
Басында үшкір істігі бар,
Өзіне лайықтап тон пішкен,
Секіріп тастан түскен.

Жауабы: Ешкі
Сақалы бар,
Санасы жоқ.

Жауабы: Ешкі
Азанда кетер ләйлекен,
Кеште келер ләйлекен.
Түрлі-түрлі жібектен,
Түймесі бар ілгектен.

Жауабы: Қой, ешкі
Төрт аяқ ортасында бүгілі бар,
Сөйлейтін өз алдында пиғылы бар.
Халінше сайманы ғой керек заты,
Көтерген екі дана құрығы бар.
Беретін жақынына..
Қайырып басын тастаған,
Қайқайып қойды бастаған.

Жауабы: Ешкі
Асты пышақ, үсті істік,
Өзіне лайықтап киім пішкен,
Секіріп-секіріп түскен.

Жауабы: Ешкі
Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар,
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар.
Басында үшкір істігі бар,
Өзіне лайықтап тон пішкен,
Секіріп тастан түскен.
Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар,
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар.